Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік (МЖС) шеңберінде медициналық салада 5 жоба корейлік инвесторлармен жүзеге асырылады, деп мәлімдеді «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев.
«Корей инвесторлары біздің елде МЖӘ жобаларына қызығушылық танытуда. Медициналық салада барлығы 5 жоба — Алматыда 2 жоба, 300 және 1,2 мың төсектік аурухана салу, Қарағандыдағы екі аурухана — 300 кереуеттік.
Қарағандыдағы ауруханалардың әрқайсысы Қарағанды мемлекеттік медицина университетінде және Алматыда — Асфендияров ат. Алматы мемлекеттік университетінде жүзеге асырылатын болады», — деді бейсенбіде брифингте Т.Матаев.
Оның пікірінше, Қызылорда облысындағы жоба ең қызықты болып көрінеді.
«Бесінші жоба — Қызылордадағы Check-up – жедел тексеру жобасы. Бұл өте қызықты жоба. Корея жағы да мүдделі, өйткені мұндай орталықтар Оңтүстік Кореяда дамыған.
Check-up — барлық азаматтарымызға қажет жылдам тексеру. Біздің Қазақстандық МЖӘ орталығы көмек ұсынады, бұл жобаны жүзеге асыруға көмектеседі», — деді Т.Матаев.