4

Қабанбай батырдың шөбересінің мазары қайта жаңғырды

Қазақтың даңқты батыры, қолбасшы, дарабоз Қабанбайдың шөбересі Қожақұл Сәнік — Айса Қажы Сегізбайұлының дүниеден өткеніне 130 жыл толуына орай мазары қоршалып, құлпытаc қойылды. Сондай-ақ, «Мақаншы — Жалаңашкөл» республикалық тасжолының бойына көрсеткіш тақта орнатылады деп хабарлады, ҚазАқпарат.

Айса Қажы Сегізбайұлының мазары Шығыс Қазақстан облысының Қабанбай ауылынан 28 шақырым жерде орналасқан.

5

Айта кетейік, «Айса Қажы» мазарының жанындағы қыстауға орнығып, шаруа қожалығын құрған қажының нағашысы Ардақ Абдуллаұлы мен алматылық Айса Қажының шөбересі Кеңшілік Қарапаұлы зиратын қоршап, құлпытас орнатып берген. Құлпытасқа қажының ата тегі, туып өскен жылдары және Кеңшіліктің қажы атасына арнаған бір ауыз өлеңі жазылыпты. Қабанбай батырдың шөбересінің мазары қайта жаңғырды.

Айса Қажы (1829-1889) туралы деректер «Сейілхан Жәңгінің шежіресі» атты қолжазбада жазылған. Айса Сегізбайұлы — даңқы ойда орыс, қырда қытайға мәлім болған әйгілі батыр, қолбасшы, дарабоз Қабанбайдың шөбересі.

Айса бабамыз Қожақұл елінен қажыға барғандардың алдыңғы тобына жатады. Айсадан бұрын осы елден Дәуік Сауытбай, Шаған Шалағыз Меккеге барған екен. Айса қажылық сапарға 1850 жылы 21 жасында барған. 1864 жылы 35 жасында әйгілі қытай-дүңген соғысында ағасы Әділбектің әскери қосынымен бірге Мыңбасы шенінде соғысқа қатысқан. Айса өз руының аса беделді адамы ретінде қажыдан келген соң халықтың ислам дінін ұстауын жолға қоя білді, жас балалардың діни сауатын ашты.

«1889 жылы Айса Қажы қайтыс болған соң ұрпақтары осы күнгі Қабанбай ауылынан 28 шақырым жерде орналасқан Айсаның қыстауына сүйегін жерлеп, сегіз құлақты мазар орнатады. Сегіз қабырғаның математикалық дәлдікпен соғылған, әр дуалы 5 метрден, жалпы периметрі 70 метр. Айса бабамызға тұрғызылған мазар міне, жауын-шашынға 130 жыл бойы бір кірпіші де кетілмеген, сан жыл бойы 60 м/сек жылдамдықпен ұдайы соғатын желіне шыдас беріп қасқайып тұр. Мұның құпиясы кірпішін ешкінің еріген майына, жылқының қылы қосылған батпақтан илеп құйғандығында жатса керек. Қабырға кірпішінің қалануындағы байланыстырылуы осы күнгі озық технологиялардан бір де кем емес. Ал кірпіштердің арасын байланыстырып тұрған сұйықтықтың қандай құпиямен жасалғаны белгісіз. Ол қазіргі таңда тас сияқты қатып қалған», — дейді қабанбайлық Мұқан Омарғалиев ақсақал. Қабанбай батырдың шөбересінің мазары қайта жаңғырды.

Мұқан ақсақалдың айтуынша, қайырымды ісімен ел-жұртына өнеге болған Ардақ Абдуллаұлы мен Кеңшілік Қарапаұлы бабаларына мәрмәр құлпытас қоюы адамгершілік пен имандылық ұстанымының жалғасы деп білген жөн. «Олар бізді мәңгілік өшпес асыл құндылығымызбен қайта қауыштырды», — дейді қария.

Дереккөз: egemen.kz.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!