15

Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2,6 триллион теңге беріледі — Назарбаев

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыруға 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлінетінін айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Біз жайдан-жай ештеңе ұсынбаймыз. Мән әлі нақты ұсыныс жасаған жоқпын. Дәлірек айтатын болсам, мұның барлығы мемлекетке арзанға түспейді. Сондықтан бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру үшін 2 триллион 600 миллиард теңгеден аса ақша бөлу жоспарланып отыр», — деді Президент.

«Бұл үлкен қаражат. Ол біздің азаматтарымыздың болашағына арналған инвестициялар. Біздің халық мұны лайықты бағалайды деп сенемін. Және біз әрі қарай да осы саясатты ұстанатын боламыз», — деді Мемлекет басшысы.

Еске сала кетейік, биыл наурыз айының басында Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеу жариялаған болатын.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!