Сайрам ауданының тұрғындары табиғи отынмен 2020 жылдың соңына дейін толық қамтылады деп күтілуде. Облыс орталығына жапсарлас жатқан бұл аудан тұрғындарының қазір 55 пайызы күл шығарып, отын жағып жүр. Есесіне мал шаруашылығы жағынан көп аймақтарды шаңына ілестірмей, елімізді етпен қамтиды. Шаруашылыққа бейім Сайрам ауданы бюджеттегі үлестерін қалай көбейтпек? Бұл туралы әкім Бақтияр Мамаев БАҚ өкілдерімен болған кездесуде мәлімдеді.
Бағлан Байкөбекқызы.