Биыл барлық қазақстандық электронды үй кітапшасына тіркеледі | "Айғақ" ақпараттық порталы
040

Биыл барлық қазақстандық электронды үй кітапшасына тіркеледі

Ағымдағы жылдың соңына дейін барлық қазақстандық электронды үй кітапшасына енгізілетін болады.

Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айтты.

«Үй кітапшасы Әділет министрлігінің мекенжайды тіркеу кодына байланыстырылатын болады. Әділет министрлігі мұндай кодты бір ғимаратқа ғана береді және ол тіпті көше, аудан немесе қала атауы өзгерсе де өзгеріске ұшырамайды. Аталған тіркеу кодына біз үй кітапханасын байланыстырамыз. Қазір тіркеуді бастадық. Қазақстанның 18 млн азаматының бүгінде 5 миллионы тіркелді. Оны жылдың соңына дейін бітіруге тырысамыз. Осыдан кейін азаматтарымыз аталған үй кітапшасы негізінде мекенжайдың электронды анықтамасын электронды түрде тегін ала алады», – деді ол. Министрдің атап өтуінше, электронды үй кітабын енгізудің арқасында өте көп адам тіркелген мекенжайды анықтауға мүмкіндік болады.

«Бұл Мемлекет басшысы назар аударған «резеңке пәтерлер» проблемасын түбегейлі шешуге мүмкіндік береді», – деді Қалмұханбет Қасымов. Ал «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының басшысы Абылайхан Оспанов та электронды мекенжай анықтамасы тегін берілетіндігін атап өтті.

«Мекенжай анықтамасын алуға баратын азаматтар мәліметтерді еш проблемасыз алады. Ол (мәліметтер базасы) барлық азаматтардың ЖСН-на жылжымайтын мүлік мекенжайының кодын беру процедурасы өткізілгеннен кейін толыққанды болады. Мекенжай анықтамасы электронды үкімет порталы арқылы онлайн-режімде және тегін берілетін болады», – деді ол.

Ақпарат көзі: inform.kz.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!