Қарағанды облысында балық аулауға шектеулер мен тыйым салулар енгізілді, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Балқаш-Алакөл бассейні бойынша, және нақтырақ, Балқаш көлінде 15 сәуір мен 1 маусым аралығында балықтар уылдырық шашатын және көбейетін кезде балық аулауға шектеулер мен тыйым салулар енгізіледі. Нұра-Сарысу бассейні бойынша көксеркені аулауға – 20 сәуір 20 мамыр аралығында, сазанға –1 мамыр 30 маусым аралығында. Қаныш Сәтпаев атындағы су қоймалары каналдарында (Екібастұз, №1-11 су торабы, Тұзды № 29 суағары) көксеркені аулауға – 20 сәуір 20 мамыр, сазан (тұқы) – 1 мамырдан 30 маусым аралығына», — деп хабарлады сәрсенбіде Қарағанды облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі басқармасының балық шаруашылығы бөлімінің басшысы Денис Бурков.
Оның айтуынша, тыныштық аумағын құру үшін балық аулауға жыл бойына тыйым салынған жерлер де бар.
«Бұл Шерубай-Нура су қоймасы, Шерубай-Нұра өзені. Самарқан су қоймасы, су қоймасының шығыс бөлігі солтүстік жағалау бойынша 2 км қашықтықта және оңтүстік жағалау бойынша 1,5 км, сондай-ақ Нұра өзенінің арнасы шығысқа қарай сағасынан 500 м дейінгі қашықтықта. Шалқар және Рудничное көлі, Шалқар көлі көлдің 500 м тереңдігіне дейін», — деді Д.Бурков.
Хабарда айтылғандай, осы ережелердің сақталмағаны үшін 10 АЕК көлемінде Т20 мыңнан астам айыппұл салынады.
1 АЕК = Т2405.