mvi_2225-mp4-still001

Даңқты қолбасшы Әмір Темірдің туғанына 682 жыл

Осыдан тура 682 жыл бұрын ,1336 жылы бірде-бір жеңілістің ащы дәмін татып көрмеген, даңқты қолбасшы  Әмір Темір дүниеге келген. 35 жыл дара билік жүргізген ол, Отырарда көз жұмып, Самарқандта жерленді. Аяғы жеткен жердің барлығын жаулап, өзінің қоластына қаратқан қолбасшы, тарихта сәулетті ғимараттар тұрғызып, ілімге бас иуімен де әйгілі! Аптаның  алғашқы күні, дүйсенбіде Өзбекстан мемлекетінің астанасында «әлем әміршісі» атанған  Әмір Темірдің 682 жылдығы аталып өтіліп, ғылыми конференция ұйымдастырылды.

_dsc4606

Тарихта жарты әлемді жаулап алған  қолбасшылар саусақпен санарлық қана. Солардың бірі-бүкіл түркі жұртына ортақ, өмірінің біраз бөлігін қазақ даласында өткізген Әмір Темір. Темір мемлекеті деп аталатын алып империяны құрып, өзі сол елді отыз жылдан астам уақыт биледі. Алайда, Әмір Темір хан тұқымынан шықпағандықтан, оған «хан» атағы берілген жоқ. Оның «Әмір» немесе «Ұлы қолбасшы» аталуы да осыдан. Ташкенттегі мәдени шараны Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев ашты.

_dsc4617                         Суретте ҚР Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Ерік Өтембаев

mvi_2136-mp4-still001

Әйгілі жаһангердің туылғанына 682 жыл толуына орай ұйымдастырылған шара, көрші елдегі жылдағы үрдіске сәйкес, Әмір Темірдің атындағы саябақта өтті.  Оған Өзбекстанның билік өкілдері, ғалым-жазушыларымен қатар, Оңтүстік Қазақстан облысынан  бір топ делегация «құрметті қонақ» ретінде шақырту алған.

dsc_0167                                      Суретте Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы

dsc_0139Суретте Оңтүстік Қазақстан облысының делегациясы Өзбекстан Республикасының мәдениет қайраткерлерімен

Жарты әлемді билеген қолбасшы 8 сәуірде Өзбекстанның Кеш қаласында, қазіргі Шаһрисабзда дүниеге келген.  Әлемді мойындатқан оның есіміне атақпен бірге аңыздар да ілесіп жүреді.  Соның бірі — Ақсақ Темір аталауы. Біреулер мұны іштен біте туған кемістікпен байланыстырса, екіншілері шайқаста садақ оғы аяғына тиіп, салдарынан Темір ақсап қалған деседі. Осы сәттен бастап халық оны Ақсақ Темір, ал еуропалықтар «Темірлан» деп атап кеткен көрінеді. Әмір Темірдің өзге билеушілерден ең негізгі айырмашылығы — ол басып алған жерлерінде кереметтей ғимарттар салдырып жүрген. Қазіргі  Түркістандағы Яссауи кесенесі  Әмір Темірдің еңбегінің арқасында тұрғызылғанын ұмытпағанымыз жөн.

mvi_2201-mp4-still001           Суретте Өзбекстан Республикасының зиялы қауым өкілдері мен белсенді жастары Әмір Темір ескерткішіне гүл шоқтарын қоюда

Мұнан соң шара Ташкенттің орталығындағы Әмір темір атындағы музейде конференциямен  жалғасты.  Оған Қазақстан,Қытай   мемлекеттерінің Өзбекстандағы елшілері мен  жергілікті басшылар мен профессорлар қатысты. Конференцияда Темірдің басқару және әскери саладағы қабілеті, ғылым мен көркем өнерге көңіл бөлгеніне ерекше ден қойылды.  Мұнан соң шаһар қонақтары мен мектеп оқушылары  билеушінің  өміріне қатычты,музейде тың деректермен танысты. Әмір Темірдің атын қозғағанда, қазақтың қасиетті Ұлытау  жерін айтпай кетуге болмас.1391 жылы 200 000 әскерімен Алтын Орда ханы Тоқтамысқа жорыққа аттанған Темірдің қалың қолы Сарыарқаның кіндік қаны Ұлытау тауларының шетіне ілігеді. Кезінде Жошы ханның ата қонысы болған бай өлкенің таза ауасымен, шүйгін жайылымын көрген билеуші шаршап-шалдыққан әскерімен бірнеше күн сол жерде аялдап,соңынан белгітасын қалдырған. Осы ретте, аталған халықаралық конференцияға арнайы Қарағанды облысы, «Ұлытау» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорық мұражайының этнография бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлу Райымова  да шақырылып қатысты.

dsc_0201  Суретте Қарағанды облысы, «Ұлытау» ұлттық тарихи – мәдени және табиғи қорық мұражайының  этнография бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлу Райымова

Айта кетейік,әлем жұршылығына танылған тарихи тұлға ,шебер әскери қолбасшы Әмір Темір 1405 жылы Қытайға жорыққа шыққанда, жолда Отырарда қайтыс болады.

mvi_2230-mp4-still001

Құлашты кеңге сермеген билеушінің соңында щығыс маржаны  Самарқан,бекзат Бұхара,қиял ғажайып Хиуа, бүткіл түркі жұртының ат басын бұрар Ясауи мешіті қалды.  Бүгінгі шарада бас қосқан ,сан ғасыр сыйлас болған өзбек-қазақ ағайынның ойы осыған саяды.Аты бөлек болғанмен,ділі мен діні бір,тілегі ортақ екі елдің  бірілігі аясында ұйымдасытырлған бұл алғашқы шара емес.Ағымдағы жыл Қазақстандағы Өзбекстан жылы екендігін ескерсек, ауыл аралас,қойы қоралас қос мемлекеттің  мәдениет мәйегі мен экономиканың қарыштап  ілгері дамуына  өлшеусіз үлесі әлі алда болмақ!

 

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!