Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында алдағы жылдары тағы 15 мың шақырым жолды ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек айтты.
Үкімет отырысында Жеңіс Қасымбек еліміздегі «Жалпы пайдаланымдағы ақылы автомобиль жолдарында (учаскелерінде) ақы төлеу жүйесін енгізу және пайдалану» Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы туралы баяндады.
«Қазіргі уақытта мемлекеттік-жекешелік әріптестік механизмі бойынша біз республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын ақылы ету мәселесін пысықтап жатырмыз. Бұл ұсынысты жеке серіктес бастады. Ол 3 жыл ішінде 15 мың шақырым жолға ақылы жүйені енгізу керектігін ұсынып отыр. Бұл жүйе 10 жыл пайдаланылады», — деді ол.
Министрдің айтуынша, 2 сәуірде жобаны бастау туралы хабарлама интернет-ресурстарда және баспасөзде жарияланған.
Дереккөз: ult.kz