Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларының болашағы жайлы айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «2050 жылға дейін Алматыда 2,5 миллион адам тұруы тиіс, Астанада — 2 миллион», — деді Мемлекет басшысы Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңесте. «Шымкентте — 1,5 миллион тұрғынға дейін жетуі тиіс», — деді Назарбаев. Президент әр қаланың өз стратегиялық даму жоспары болуы керектін айтты. Қазақстан халқының саны 2018 жылы 1 қаңтарда 18 миллион 157,1 мың адамға жетті. Өткен жылмен салыстырғанда 231,2 мың (1,3 пайызға) адамға көбейген.
АРДАГЕРЛЕР ЕРЛІГІ ЕЛ ЕСІНДЕ!
Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан екі ардагеріміз қалды. Соның бірі 1925 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданында дүниеге келген, 1943...