ҚР ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы лауазымына Арман Өтеғұлов тағайындалды- /egemen.kz/.
Арман Өтеғұлов 1964 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-ветеринарлық институтын «Мал дәрігері» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2007 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы бастаған. 1989–1996 жылдары БҚО Фурманов ауданы Ақкөл кеңшарының аға, бас мал дәрігері болып жұмыс істеген. 1996–1998 жылдары — БҚО Қазталов ауданы «Талдыапан» өндірістік кооперативінің директоры. 1998–2013 жылдары Батыс Қазақстан облысының Қазталов, Қаратөбе, Теректі аудандарында әкім орынбасары
2013–2014 жылдары — БҚО ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2014 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.