2

Түлкібас ауданының атауын өзгерту туралы ұсыныс қолдау тапты

Түлкібас ауданының әкімі ауысқан сайын Түлкібас ауданын Түркібасы ауданы деп қайта атау туралы ұсыныс тұрақты түрде көтерілетін. Алайда, бұл мәселе сөз жүзінде қалатын.

Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбеков аудан халқымен кездесу барысында аталған мәселе бірнеше рет көтерілген болатын. Аудан халқының өтінішін ескеріп аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Түлкібас атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты дайындап, облыс әкімі Ж.Түймебаевқа арнайы хат жолдайды. Осы хаттың негізінде Облыс әкімі Ж.Түймебаев 2018 жылы 20 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында «Соңғы жылдары бұл мәселе бірнеше рет көтерілді. Кеңес заманында ауданның тарихи аты бұрмаланғаны тарихшы ғалымдарға да белгілі. Сондықтан Түлкібас атауын Түркібасы деп өзгерту туралы ұсынысты бірауыздан қолдаймын», — деп мәлім етті.

Аталған ұсыныс мәслихатта  қолдау тапты, осыған байланысты, Түлкібас ауданның атын өзгерту туралы мәселе облыстық ономастикалық комиссияда қаралды.

Соңғы шешімді Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы қабылдайтын болады.

Айдар Дидар.




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!