Шымкент қаласындағы зообақта жаңа маусым салтанатты түрде ашылды. Бұл іс-шара Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отыр.
Осыған орай таңертеңнен қала және облыс тұрғындар жануарларды тамашалау үшін зообаққа ағылды. Мұнда жиналған тұрғындардың қарасы мол.
Ересектер мен балалар, әсіресе, керік Астананы тамашалап, балалар алып жануардың жеміс-жидекті жегенін қызықтады.
Мерекелік іс-шараға орай зообақта аниматорлардың қызықты бағдарламалары мен түрлі көңілді сайыстар секілді ауқымды мерекелік ойын-сауық ұйымдастырылды.