Мамаев қорғанында Сталинградты қорғаған қазақстандықтарға арналған ескерткіш тұрғызылады | "Айғақ" ақпараттық порталы
10

Мамаев қорғанында Сталинградты қорғаған қазақстандықтарға арналған ескерткіш тұрғызылады

Аты аңызға айналған Мамаев қорғанында Сталинградты қорғаған қазақстандықтарға арналған ескерткіш тұрғызылады, деп хабарлады РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қзыметінен.

«75 жылда алғаш рет Волгоград қаласындағы аты аңызға айналған Мамаев қорғанында павлодарлықтар Сталинград шайқасында қайтпас қайсарлық танытып, ерлікпен қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге арнап граниттен ескерткіш тұрғызады. Алдағы айда «Майдан жолы» павлодарлық іздестіру-зерттеу жасағы Волгорад облысына жол тартады. Ол жақта жасақ жауынгерлері кезекті миссия — «Батырлар жолымен-Дорогой славы» мерейтойлық халықаралық патриоттық жабасына қатысады, ол биыл Сталинград шайқасына 75 жыл толуына арналып отыр», — делінген сейсенбідегі елшілік хабарында.

Қазақстандық дипломаттар нақтылағандай, көктемгі Еске алу шарасы аясында павлодарлық іздестірушілер Ұлы Отан соғысы жылдары із-түссіз жоғалып кеткен қазақстандық жауынгерлерді іздестірумен айналысатын болады және гранит ескерткіш орнатады.

«Жұмыстарды жүргізуге рұқсат алу өте қиын болды. Волгоград облысының басшылығымен жарты жылдай хат алмасып отырдық, губернаторын қоса есептегенде, және ең бастысы, біз павлодарлықтардың бірінші болып Мамаев қорғанында қазақстандық жауынгерлер ескерткішін ашуымыз, ол жерде 4 мемлекет пен Ресей қалаларына жақын орналасқан 12 ескерткіш бар», — деді «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.

Мамаев қорғаны Волгоград орталық ауданындағы Волга өзенінің оң жағалауының жоғары жағында орналасқан. Осы аумақта Сталиинград шайқасы кезінде 1942 жылдың қыркүйегінде 1943 жылдың қаңтарына дейін қарулы шайқас өтті. Сталинрад үшін шайқас және олан ары қарайғы кеңес әскерінің шабуылы бүкіл Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі үлкен бетбұрыс сәттері болып есептелді.

Дереккөз: ҚазТАГ

Фото: 1zoom.ru




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!