1382945280

Қазақстандық гроссмейстер Сәдуақасова Вьетнамда VIII халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық гроссмейстер Динара Сәдуақасова Вьетнамдағы VIII халықаралық шахмат турнирінде жеңіске жетті, деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.

«Қазақстандық шахматшы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы Д.Сәдуақасова 10-15 наурыз аралығында Вьетнам астанасы Ханоеде өткен шахматтан HDBank ашық халықаралық турнирде бірінші орынға ие болды», — делінген жұмадағы хабарда.

Хабарда атап өткендей, турнир әлемнің 21 елінен 270 шахматшыны жинаған, соның ішінде Үндістан, Қытай, Ресей, Канада, Испания, Германия, Бразилия бар.

«Д. Сәдуакасова швейцариялық жүйе бойынша 9 турдан тұрған осы ойындарда 25 қатысушының арасында үздік деп танылды. Шахматтан HDBank халықаралық турнирі халықаралық шахмат федерациясының жүйесіне (ФИДЕ) кіргізілген. Өткен турнир есеп бойынша VIII», — деді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде.

 




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!