8 Наурыз — Халықаралық əйелдер мерекесі қарсанында ағымдағы жылдың 7 наурызында Қарағанды облысының əкімдігінде облыс əкімі Е.Қошановтың салтанатты қабылдауы өтті.
Осы салтанатты қабылдауға Ұлытау ауданының Əйелдердің саяси көшбасшы мектебінен, Ұлытау ауданының Іскер əйелдер қауымдастығының мүшесі, ауданның қоғамдық мəдени іс-шараларына белсенді араласып, ел-жер тарихын, дəстүрлі іс-шараларды кеңінен насихаттап жүрген «Ұлытау» ұлттық тарихи-мəдени жəне табиғи қорық мұражайының этнография бөлімінің меңгерушісі Раймова Нұрсұлу Балтабайқызы қатысып, өңірден келген қыз-келіншектерді атаулы мерекемен құттықтады.