11

Елімізде туризмді дамыту жоспары құрылды

«Қазақ туризм» компаниясы Сыртқы істер министрлігі, сонымен қатар Мәдениет және спорт министрлігімен туризм саласындағы ынтымақтастық жөніндегі жоспар құрды.

Қол қойылған құжат биыл бірлесіп атқарылатын іс-шаралар кешенін қамтиды. Жауапты тұлғалар көзделген мақсат-міндеттерді орындауға еліміздің шетелдік өкілдіктері де септігін тигізеді деген сенімін білдірді. Нәтижесінде 2025 жылға дейін мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі туризм үлесін 1-ден 8 пайызға дейін ұлғайту жоспарда бар.

Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

— Қазіргі таңда туризм әлемнің бірқатар елінде экономикалық дағдарыстарды тұрақтандыратын салаға айналып келеді. Жыл сайын мұнда 800 миллиард доллар инвестиция тартылып жатыр. Сол себепті біз де осы бағыт бойынша көп жұмыс атқарамыз. Мәселен, Маңғыстау облысында ірі туристік жобаларды іске асырмақшымыз. Оның арқасында шағын және орта бизнес дамып, көптеген жұмыс орындары ашылуы тиіс.

Дереккөз: 24.kz




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!