005

Алғашқы олимпиада чемпионы болған қазақтың қызы туралы не білеміз ?

Динара Әлімбекова 1996 жылы Қазақстанда Қарағанды облысы Абай қаласында туылған. Оның әкесі Әлімбеков Талғат Қарағанды облысының тумасы, ал анасы беларус қызы. Осыған байланысты 3 жасқа толғаннан кейін  ата-анасымен бірге Белоруссияға көшкен.  Содан кейін, шаңғы спортын мектептегі мұғалімнің айтуымен таңдаған. Сондай-ақ, Динараның спортшы болып қалыптасыуына анасының да ықпалы тиген. Өз кезінде ол да биатлонмен айналысқан екен. 1 жылдан кейін Могилев облысы Чаусы қаласының спорт мектебіне түсіп, биатлон спортымен айналысқан. Спортқа 11 жасында келген Динара Әлімбекова Белоруссия мемлекеттік дене шынықтыру университетінің «Шаңғы спорты және биатлон» кафедрасын аяқтаған.

002
0062011 жылы  Белоруссияның жастар құрамасына қабылданып, жастар арасындағы түрлі жарыстардың  бірнеше дүркін жеңімпаз атанған. 2015 жылы ақпан айында Динара Беларуссияда өткен жастар арсындағы биатлон жарысының чемпионы атанған. Сонымен қатар, сол жарыста эстафета құрамында алтынға ие болған. Бұл оның өміріндегі олимпиадаға дейінгі ең маңызды сәт болған.

007

22 ақпанда Қазақстан үшін тарихи маңызды оқиға орын алды. Өйткені, қазақтың қызы Белоруссияның құрамасында болып биатлоннан олимпиаданың алтын медалін алды. Динараның айтуы бойынша, оған Қазақстан құрамасының мүшесі болу туралы ұсыныс түспеген.

003Сондай-ақ  Динараның бойында қазақ қызына тән қарапйымдылық пен кішіпейілділік бар. Кішкентай кезінде оны Диназаврик деген лақап атпен атаған. Өзінің бос уақытында сноубордпен сырғанап, фортепиано ойнағанды ұнататын Динара, демалыс күндерін шет елдің ыстық жерлерінде өткізгенді жақсы көреді екен.

009

(ФОТО: sport.tut.by)




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!