img-20180220-wa0030

Оңтүстікте бес аудан құрылады

img-20180220-wa0020

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХ сессиясы облыстық мәслихаттың депутаты Дулат Әбіштің төрағалығымен өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев, қала және аудан әкімдері, тиісті мәслихат хатшылары, аумақтық және құқық қорғау органдарының, облыстық департаменттер мен басқармалардың, республикалық және облыстық ұйымдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты, деп хабарлайды «Айғақ» телеарнасының тілішілері.

img-20180220-wa0025

Сессияның күн тәртібінде Мақтааарал және Сарыағаш аудандарын бөлу жолымен құрылатын аудандарға атау беру туралы ұсыныстарды енгізу мәселесі қаралды.  Сессияда Мақтаарал және Сарыағаш аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылыс мәселелері туралы жұмысшы топтың төрағасы Ә.Өсербаев баяндама жасады.

img-20180220-wa0016

«2018 жылдың 16 ақпанында Сарыағаш және Мақтаарал аудандарының өкілді және атқарушы органдарының аудан аумағын бөлу жолымен аудандар құру оларға атау беру, әкімшілік орталықтары мен шекараларын белгілеу туралы бірлескен шешімдері қабылданды. Осыған орай, Мақтараал ауданын үш ауданға яғни, Мақтаарал, Асықата және Жетісай аудандары деп және Сарыағаш ауданын екі ауданға бөліп: Сарыағаш және Келес аудандарына бөліп бұрынғы аудан орталықтарын қайта қалпына келтіру мәселесі көтерілуде», — деді Әліпбек Шәріпбекұлы.

img-20180220-wa0023

Айта кетейік, Мақтаарал ауданы 1997 жылы 24 сәуірде бұрынғы Жетісай, Асықата және Мақтаарал аудандарын біріктіру нәтижесінде құрылған болатын. Мақтаарал ауданы облыстағы халқы тығыз шоғырланған және демографиялық өсімі жағынан жоғары аудан саналады. Мұнда жалпы халық саны 304 684 адамды құрайды. Аудан 182 елдімекеннен, 1 қала, 3 кент және 20 ауылдық округінен құралған. Жер көлемі 185 398 гектарды құрайды.

img-20180220-wa0028

Ал Сарыағаш ауданы 1997 жылы бұрынғы Сарыағаш және Келес аудандарын біріктіру жолымен құрылған. Сарыағаш ауданында облыстағы халқы тығыз шоғырланған және демографиялық өсімі жағынан жоғары ауданға жатады. Жалпы халық саны 326 915 адамды құрайды. Сарыағаш ауданының аумағы 762 203 гектар, 154 елдімекені, 1 қала, 1 кент және 23 ауылдық округінен құралған.

img-20180220-wa0022

«Аталған аудандарда халықтың тығыз орналасу себебінен кәсіпкерлікті, ауылшаруашылығын өз деңгейінде дамыту үшін мемлекет тарапынан берілетін қолдауларды халыққа жеткізу, толық және сапалы қамту мәселелері әлі де бар. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету жүктемесі де жоғары болып отыр. Әкімшілік аумақты бөлу бұл бағыттағы жұмыстардың сапасын көтеруге өз септігін тигізеді. Денсаулық сақтау саласында, атап айтқанда дер кезінде медициналық көмек көрсету, шалғайда орналасқан елдімекен тұрғындарын аудан орталығындағы ауруханалар мен перзентханаларға жедел жеткізу мәселесі де толық қамтуды қажет етеді»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

img-20180220-wa0004

Оңтүстік Қазақстан облысынан жаңа аудандар құрылп қосымша штаттық бірліктер берілген жағдайда, Республикалық бюджеттен алдын-ала есептеулер бойынша жалпы қажетті қаржы көлемі 14 946,6 млн. теңгені құрап отыр.

img-20180220-wa0006-1




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!