Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) жоспарланған мерзімінен бұрын 2019 жылы енгізілетін болды, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрі Ерболат Досаев.
«2019 жылы МӘМС енгізгіміз келіп отыр. Заң бойынша біз сіздің келісіміңізбен 2020 жылдың 1 қаңтарына ауыстырдық», — деді Е.Досаев жұма күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Е. Досаев атап өткендей, бұған дейін ҚР президентінің міндеттемесін үкімет «нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасын негізге ала отырып» өзіне алуды шешкен еді.
«Барлық ақпараттық жүйе мен тіркеуді ескере отырып, бөлуді сіз өз жолдауыңызда атап өткендей, біз осы жылдың көктемінде өткізуіміз керек», — деп түсіндірді Е. Досаев.
Бұған дейін хабарланғандай, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2020 жылға дейін медициналық қызметті жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және төлем жасау механизмдерін әзірлеуі тиіс болатын.
«2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тегін медициналық көмектің кепілді көлем пакеті аясында медициналық қызметтің бірыңғай төлемшісі болып табылады. 2020 жылға дейін медициналық қызметті жоспарлау, сатып алу, сапасын бақылау және төлем жасау механизмдері әзірленіп, төлем жасайтын ақпараттық жүйе жұмысы жетілдіріліп, жаңа тарифтік саясат енгізіледі. Аталмыш шаралар қордың МӘМС жағдайында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмысқа толық дайындығын қамтамасыз етеді», — деді 2018 жылдың қаңтарында қордың Елорда филиалынан.