2018 жылдың 31 қаңтарында ОҚО-да ІІД қызметкерлері ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департамент қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген іс-шаралары барысында Түркістан, Арыс, Кентау, Шардара, Созақ және Түлкібас аудандарының 12 тұрғынын ұстады.
Күдіктілер интернет арқылы әлеуметтік желілерді пайдаланып, экстремистік идеологиясын насихаттайтын материалдар таратқан.
Ұсталған тұлғалардың үстінен ҚР ҚК-нің 174-бабы «Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: 24.kz