Қазақстан билігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі республиканың төрағалық етуіне Ресейдің көрсеткен қолдауына алғыс білдірді, деп хабарлады ТАСС.
«Біз РФ-ға біздің Қауіпсіздік кеңестегі сайлауалды кампаниямыз барысында, және біздің алғашқы төрағалық еткен жылымызда, қазір де көрсетіп отырған қолдауына алғыс білдіретінімізді атап өткім келді. Бұл біз үшін өте қымбат. Тәжірибе жүзінде біздің стратегиялық одақтастығымызды және тату көршілік саясатымызды, өзара сыйластығымызды жүзеге асырамыз», — деді Қазақстанның СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов ресейлік сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен бейсенбідегі кездесуде.
Өз кезегінде С. Лавров мәлімдегендей, Ресей «Қазақстанның ҚК күн тәртібіне шығарған тақырыптарын бағалады және ол туралы бүгін ҚК барлық мүшелері айтты».
«Мен БҰҰ барынша кең орталарында да бұл бастамалар үлкен қолдауға ие екенін білемін. Біз Қазақстан президентінің төрағалығымен өткен отырыстың нәтижелілігімен құттықтаймыз, және ертеңгі сіздің төрағалыңызбен өтетін шара да барынша жоғары өтетініне сенімдіміз», — деді С. Лавров.
Бұған дейін бейсенбіде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жаппай жою қаруын таратпау мәселесі бойынша пікір-сайыс өткен болатын.
ҚазТАГ.