Соңғы 3 жылда елімізде жемқорлыққа жол берген 2 жарым мыңнан аса адам сотталды.
Арасында шенеуніктер мен мемлекеттік компания басшылары да бар. 17 млрд теңге мемлекет қазынасына қайтарылды. Осылай деген Елбасы халыққа жолдауында жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі тақырыбына тоқталып, осы бағытта ауқымды істер атқарылып жатқанын айтты. Тиісті мәселені қозғай отырып, Президент мемлекеттік органдардағы үдерістерді цифрландыру маңыздылығын да атап өтті. «Осы ретте халық өтініштерінің қарастырылу барысын қадағалап, көкейіндегі сұрақтарға уақытылы жауап алу», – керек дейді.
Елбасы сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйесіндегі түбегейлі өзгерістерді де тілге тиек етті. Атап айтқанда, қазір заңнамаға қылмыстық процестегі азаматтардың құқығын қорғауды көздейтін нормалар енгізіліп жатыр. Адвокаттардың құқығы кеңейтілген. Құқық қорғау органдарының өкілеттігі мен жауапкершілік аймағы да ажыратылған.
Саян Ахметжанов, ҚР МҚІСЖҚІА Аппарат жетекшісі:
— Үкіметпен бірлесіп биылғы жылдың қаңтарынан бастап мемлекеттік орталық және жергілікті органдарда жаңа еңбекақы жүйесін пилоттық жоба ретінде енгізеді. Мемлекеттік органдардың орталық және жергілікті еңбекақы деңгейін салыстыруға, еңбекақы төлемін өз еңбегіне тиімділігі мен өзінің жетістігіне сәйкес диспропорцияны жоюға арналған.
Дереккөз: 24.kz