2018 жылдың 10 қаңтарында Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының кезекті сессиясында Асқар Кулибаевқа қатысты ұсыныс қаралып, оған сессия «Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылдады. ЮНЕСКО-ның Халықаралық сыйлығының лауреаты Асқар Алтынбекұлы Оңтүстік Қазақстан халқына жеке инвестор және меценат ретінде жақсы танымал. А.Кулибаев жеке инвестор ретінде 2011 жылы Қасиетті Арыстанбаб кесенесінің жанынан, Қожа Ахмет Ясауи мавзолейіне барар жол бойында 17 гектар жерді алып жатқан аумақта өз қаржысына туристік кешен тұрғызып, іске қосуына ықпал жасады. Кешен аясында келушілерге арнап Оңтүстік Қазақстан облысындағы ірі мешіттердің бірін салып берді.
АНЫҚТАМА:
Құлыбаев Асқар Алтынбекұлы — 1937 жылы 1 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген.
техника ғылымының докторы (2003). Қазақстан Республикасы және халықаралық инженерлік академиясының академигі (1992), Қазақстанның құрметті инженері (2001). Қазақ мемлекетік ауыл шаруашылығы институтын (1961, қазіргі Қазақ ұлттық агр. ун-ті), Қазақ политехникалық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық тех. университеті) және Алматы жоғары партия мектебін (1981) бітірген. Алматы қаласындағы құрылыс мекемелерінде инженер, басшылық қызметтерде (1961–83) болды. Алматы қалалық атқару комитетінің төрағасы (1983–85), Гурьев (қазіргі Атырау) облысы партия комитетінің 1-хатшысы (1985–90), Республика мемлекеттік құрылыс комиеті төрағасының 1-орынбасары, төрағасы (1990–93), ҚР Тұрғын үй және құрылыс министрі (1993–94 және 1995–97), ҚР Мининистрлер Кабинетінің жанындағы Материалдық қорлар жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы (1994–95), ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігіне қарасты Тұрғын үй және құрылыс саясаты комитетінің төрағасы (1997–98) қызметтерін атқарған. 1998 жылдан «Жібек жолы – Қазақстан ұлттық компаниясы» АҚ-ның президенті. «Новые ресурсосберегающие технологии модицированных строительных материалов» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. ҚР Мемлекеттік және )2003), ЮНЕСКО-ның Халықаралық сыйлықтарының лауреаты. «Отан» (1997), Халықтар достығы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
«Айғақ-ақпарат»