2017 жылы 25 желтоқсанда өткен Шымкент қалалық мәслихатының сессиясында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Г.Құрманбекованың баяндамасында Шымкент қаласының 2018 жылға арналған бюджетін 114 850, 6 млн. теңге көлемінде бекітуге ұсынғандығы және бұл өткен жылғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 12 795, 5 млн. теңгеге немесе 12, 5% артық деп айтылған. Осы мәселе бойынша журналистік зерттеу жүргізіліп, 2018 жылға арналған Шымкент қаласының бюджеті 3 797, 4 млн. теңгеге қысқартылғаны анықталды.
Біздің мәліметіміз бойынша өткен жылғы, яғни, 2016 жылға арналған Шымкент қалалық мәслихатының 2015 жылғы 22 желтоқсандағы № 54/411-5c шешіміне (25.12.2015 ж. тіркеу № 3484) сәйкес қаланың бюджетінің көлемі 100 467, 1 млн. теңге болып бекітілген.
Ал, қалалық мәслихаттың 2017 жылғы желтоқсандағы сессиясында 2018 жылдың бюджетінің көлемі 114 850, 6 млн. теңге болып бекітілген. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда қаланың бюджеті 14 390, 2 млн. теңгеге артық.
Егер, қаланың 2018 жылғы бюджетін былтырғы бюджетпен салыстырсақ, онда қаланың 2018 жылғы бюджеті 3 797, 4 млн. теңгеге қысқартылған.
Өйткені, 2017 жылға арналған қаланың бюджетінің көлемі Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 11/91-6с шешiмiне (16.12.2016 ж. тіркеу № 3929 ) сәйкес 118 648 079 мың теңге болып бекітілген.
2018 жылғы қаланың бюджеті биылғы бюджетпен салыстырғанда не себептен 3 797, 4 млн. теңгеге қысқарғаны туралы сессияда айтылмады.
Егер, бұл мәселе туралы қала әкімдігі түсініктеме беретін болса, біздің телеарна көрермендерге жан-жақты хабарлауға дайын.
«Айғақ» ақпарат