«Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков және «Бәйдібек-Несие» серіктестігінің төрағасы Жазылбек Әбілдәбекұлы жаңа жыл мерекесінің қарсаңында соғыс және еңбек ардагерлерін құттықтап, сыйлықтар тарту етті. Ең алғаш болып Ұлы Отан соғысының ардагері Бейсенбек Игісіновтің үйіне барды. Ақсақал майдандағы жан алысып, жан беріскен отты жылдардың естеліктерімен бөлісті.
Мереке қарсаңында Бәйдібек аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тілес Арынбековте құрметке бөленді. «Нұр Отан» партиясының Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков пен ауданға белгілі кәсіпкер, «Бәйдібек-Несие» ЖШС-нің төрағасы Жазылбек Әбілдәбекұлы Тілес қария мен оның жұбайына қуаныш сыйлады.
Сондай-ақ, игі істі қолға алған азаматар ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әуесхан Есенжоловтың шағырағында болды. Мерекелік кездесуде мәдениет саласының майталманына лайықты құрмет көрсетіліп, сыйлық тапсырылды. Өрісін өнерімен кеңейткен ел ағасы еңбек жолында Бәйдібек ауданының өркендеп өсуіне аянбай қызмет жасаған.
Жаңа жыл қарсаңында үлестірілген сыйлыққа еңбек ардагері Тоқберген Төлешов пен оның жұбайы да ие болды. Ауданның азаматтары оларға ізгі тілектер мен арнайы әзірлеген сыйлықтарын тарту етті. Ардагерлер мерекелік көңіл-күйге бөленіп, «Нұр Отан» партиясы Бәйдібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков пен «Бәйдібек-Несие» серіктестігінің төрағасы Жазылбек Әбілдәбекұлына алғыстарын білдірді.
Дайындағандар:
Жомарт Бегімбет
Жансая Елемесова