Жаңалықтарымыздың өткен санына оралсақ. Ағымдағы жылдың 19-шы желтоқсанында Тассай шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде жарылыс орын алған болатын. Зардап шегуші отбасы бұл қайғылы оқиғаға «ҚазТрансГазАймақ» серіктестігін кінәлап отыр. Қуаныш Сихымбаевтың айтуынша, үйлерге газ құбырларын тарту кезінде аталған компания өз жұмысына салғырт қараған. Жарылыс кезінде Қ.Сихымбаевтың жары мен алты жасар қызы Мереке үй ішінде болған. Бүгінгі таңда екеуі де жан сақтау бөлімінде.
Гүлжан Нұрланқызы