«Отырар» медиахолдингінің директоры, әріптесіміз Валентина Куликова Елбасы тарапынан марапатталды.
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ІІ дәрежелі «Достық» орденімен наградталды.
1995 жылы белгіленген «Достық» орденімен қоғамдағы ұлтаралық және азаматтық татулықты сақтау жөніндегі жемісті жұмысы үшін халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға сіңірген еңбегі үшін беріледі.
«Айғақ» республикалық газеті мен «Айғақ» телеарнасының бас редакторлары мен журналистері Валентина Куприяновнаны жоғары дәрежелі наградасымен шын жүректен құттықтайды.