Бүгін Қазығұрт ауданындағы мәдениет үйінде Еңбек ері, Ұлы Отан соғысының ардагері Иса Теліпбайұлының 95 жасқа толған мерейтойы өтіп жатыр.
Салтанатты шараға ОҚО әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков бастаған ОҚО ардагерлер кеңесінің төрағасы, ОҚО мәслихатынның депутаттары мен облыстың Құрметті азаматтары қатысуда.
Өз кезегінде облыс әкімі Ж.Түймебаев соғыс ардагеріне темір тұлпар мінгізіп, өз құттықтауын арнапты.
Иса Теліпбайұлы 1922 жылы ОҚО-ның Қазығұрт ауданында дүниеге келген. Әке-шешесінен 5 жасында жетім қалып, балалар үйінде тәрбиленеді. 1942 жылы соғысқа аттанып, Ленинградтағы алғашқы шайқаста басынан жарақат алып, госпитальда ем алады. Қайта ұрысқа қатысып ерлік көрсетіп, үшінші «Даңқ» орденімен марапатталған. «Ленинградтты қорғанғаны үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарының иегері. Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы».