2017 жылдың 13 желтоқсан күні ОҚО Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.
Қоғамдық Кеңес күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, төмендегі шешімді қабылдады.
ОҚО Еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма баскшысы А. К. Мамытбековтың есебі қанағаттанарлық деп танылсын
«ОҚО-ның әкімшілік — аумақтық бірлігін қайта атау туралы» облыстық әкімдік пен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімінің жобасы қабылдансын деп ұсынылсын.
«ОҚО-ның жасыл екпелерін күтіп — ұстау және қорғау қағидасын бекіту туралы» ОҚО мәслихатының шешім жобасы қабылдансын деп ұсынылсын.
ОҚО әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №114 «Оңтүстік Қазақстан облысында есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін газбен жабдықтау, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, су бұру және жылумен жабдықтау жөніндегі коммуналдық көрсетілетін қызметтерді тұтыну нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасы қабылдансын деп ұсынылсын.
ОҚО әкімдігінің 2016 жылғы 24 Наурыздағы №77 «Ашық деректердің интернет порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» облыс әкімдігінің қаулы жобасы қабылдансын деп ұсынылсын.
ОҚО әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №88 «Асыл тұқымды мал шаруашылығындамытуға мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»
ОҚО әкімдігінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі №89 «субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар нормативтерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ОҚО әкімдігінің қаулы жобалары қабылдансын деп ұсынылсын.
«Өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзімдерін белгілеу туралы» ОҚО әкімдігінің қаулы жобасы қабылданды деп ұсынылсын
ОҚО әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы №162 «2017 жылға аудандар және қалалар бойынша субсидиялар көлемдерін белгілеу туралы» қаулысының күші жойылды деп тану туралы» ОҚО әкімдігінің қаулы жобасы қабылданды деп ұсынылсын.