2017 жылы 13 желтоқсанда ОҚО Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Оңтүстік Қазақстан облысының ашық деректер тізбесі» туралы қаулысының жобасы талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің тарапынан қолдау тапты.
Аталған деректердің тізімінде мемлекеттік органдар туралы, олардың жұмыстары, мемлекеттік қызмет түрлері туралы және облыс, аудан, қала және облыстық басқарма басшыларының есептеріне қатысты ақпараттар және әр түрлі саладағы мәліметтер енгізілген.
Осы қаулы бекітілгеннен кейін, облыс тұрғындары мемлекеттік органдардың облыс, аудан және қала әкімдерінің қандай жұмыстар атқарып жатқандығы туралы интернет-порталдан біле алады.