Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев іс — жоспарына байланысты Төлеби ауданында орналасқан қызмет жасайтын нысандардың жұмысымен танысады.
Атап айтқанда, Ақтас ауылындағы саумалмен емдейтін «Ақкен-Саумал» емдік-сауықтыру орталығының ашылуына қатысады. Аталған орталықты жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен салған. 50 орындық орталықта саумалмен емдеу, минералды ванналар, тұзды бөлме, фин моншасы, массаж, биоптрон жарық терапиясы, жабық бассейн, атпен серуендеу, ұлттық тағамдар бар.
Мұнан кейін, «Ғайып ерен қырық шілтен» қайырымдылық қорының жұмысымен танысады деп күтілуде.
Облыс әкімі табан тірейтін келесі бір орын «Леңгір құс» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі. Киелітас ауылдық округінде орналасқан кәсіпорын жылына 960 тонна ет өндіреді. 2,566 гектар жерді алып жатқан нысанда 45 адам жұмыс жасайды.
Мұнан кейін, Жансейіт Түймебаев Леңгір қаласындағы «Янгуан» жиһаз шығару цехына аялдайды. 2016 жылы сәуір айында іске қосылған цех құрылысына 100 млн. теңге жұмсалған. Қуаттылығы 1 айда 500 дана орындық жасап шығарады.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Леңгір қаласындағы 5 қабатты 8 тұрғын үйдің пәтерлерін кезекте тұрған аудан тұрғындарына кілтін тапсырады.
Әкім іс-сапарының соңғы нысаны Аққұм ауылындағы мал бордақылау орны болмақ. Аққұм ауылында орналасқан «Тұмар» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы — Әли Мұхит Оралбайұлы. 19,8 гектар жерді алып жатқан алаңда күніне 100-ге жуық ірі мал сойылады. АИО «Оңтүстік» -53 млн. ҚазАгро – 53 млн. Жалпы 106 млн. теңге несие алып, бүгінде жұмыстар жүйелі жүруде.
«Айғақ-ақпарат».