Америкалық компанияның музыка нарығына шығуына заңгерлер кедергі жасап отыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі life.ru басылымына сілтеме жасап.
YouTube наурыз айында онлайн музыка тыңдау қосымшасын ұсынады. Bloomberg басылымының хабарлауынша, оны Remix деп атайды. Remix қосымшасының арқасында желі қолданушылары компьютер және ұялы телефон арқылы танымал әншілердің әнін заңды жолмен тыңдай алады.
Осы уақытқа дейін Google сан рет осы секілді ән тыңдауға арналған қосымша жасап шығаруға тырысқан. Нәтижесінде 2011 жылы Google Play Music, 2014 жылы YouTube Music Key сынды қосымшалар пайда болды.
Bloomberg басылымының хабарлауынша, америкалық корпорация Warner Music Group лейблімен келіскен. Қазір Google Sony Music Entertainment, Universal Music Group және Merlin сынды компаниялармен келісім-шарт жасасып жатыр. Алайда Universal және Sony компаниялары керісінше Google компаниясына тосқауыл болуда.