2017-11-29-photo-00000002

Елбасы туралы тың деректер

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының «Туған жер» бағдарламасына сәйкес Елбасының туған ауылына арналған сапар аясында ОҚО делегациясы тың деректерге қанығып, тарихи тұлғалармен кездесті.

Соның бірегейі – Қазақстан Президенті туралы деректер жинап, мұражай құрастырып, Елбасының қолынан «Құрмет» орденін алған Рымкеш Байқонысова. Қарасай батыр атындағы орта мектепте 61 жылдық еңбек өтілі бар апамыз Елбасымен мақтанады.

Айтуынша, Н.Назарбаевтың әжесі түс көрген. Ертесіне, немересін шақырып алып, «Сұлтаным, сен болашақта биік шыңға шығып, дүниежүзі танитын азамат боласын» деген екен. Яғни, бұл әжесінің аяны болатын.

2017-11-29-photo-00000003

«Бұл өңірдің әр тасы тиіп кетсең тарих» – дейді данагөй апамыз. Жарқын даусымен, жүйелі пікірімен, түйінді ойымен, білімімен, батагөй даналығымен Елбасы туралы мәліметті айта отырып, ауыл тарихы туралы оңтүстікқазақстандықтарды таныстыра өтті.

Тұңғыш Елбасы мұражайы да жаңа технологиямен жабдықталып, заманауи әрленіпті. Тікелей онлайн жүйеде Елбасымыз Н. Назарбаевпен тілдесетін де құрылғылар орнатыпты. Елбасы халқына айтқан рухани жаңғыру осы болса керекті.

2017-11-29-photo-00000004

«Әркiмнiң туған жерi – өз Мекке-Мединесi» дейдi дана халық. Тәуелсiз Қазақстанның Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың дүниеге келген жерi – асқаралы Алатаудың етегiндегi Шамалған ауылына арналған сапар барысында Рымкеш апамыз бізге аналық ақ батасын беріп, сәт-сапар тілеп шығарып салды.

«Айғақ-ақпарат».




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!