Адамдық пен адалдықтың келбеті бола білген азамат Қуаныш Айтаханов десек, артық айтпағандығымыз. Еліміздің, мемлекетіміздің өркендеуіне жанашыр тұлғалармен қуатты десек, Қуаныш Айтахановтай азамат өзінің терең ойлы дүниетанымымен, еліне деген сүйіспеншілігі бір төбе. Қуаныш ағамыздың салиқалылығы, қоғам ісіне берілгендігі, туған халқына, еліне қолдан келгенше аянбай адал қызмет ету ниеті оның барлық ісінен менмұндалап көрінеді. Үлгі аларлық тірлігімен елді тәнті еткен Қуаныш Айтаханов жуырда мерейлі 70 жасқа толды.
Астананың төрінде мерейтойын атап өткен қоғам қайраткерін елімізге белгілі азаматтар арнайы келіп құттықтап мерейтой иесінің қуанышымен бөлісті.
Еңбекте қажыр-қайратыңыздың арқасында талай абырой биігінен көрініп, ұрпағыңызға үлгі болар абзал жан ретінде танылған Қуаныш Айтаханұлына зор денсаулық, қажымас қайрат тілейміз!