Түлкібас ауданында әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған 4 дүкен бар. Жуырда өз жұмысын бастаған дүңгіршекте тұрмыстық жағдайға қажетті заттардың барлығы сатылады. Мұндағы тауарлардың бағасы нарықтағы базар бағасынан 20-30 пайызға арзан. Тіпті азық-түлік өнімдерінен өзге пайдаланылған киімдерді де тегін алуға болады.
Облыс әкімі Ж. Түймебаевтың тапсырмасына сай жұмыс жасап жатқан 4 дүкен Майлыкент, Түлкібас, Балықты, Састөбе ауыл округтерінде орналасқан.
Майлыкент ауыл округінде 165 тұрмысы төмен отбасы тұрады. Енді олар қолжетімді бағада ұсынылған азық-түлік өнімдерін тұтынатын болады. Айта кетейік, мұнда ауыл тұрғындарының пайдаланылған киімін тегін алу қарастырылған. Ал, жуырда ашылған әлеуметтік дүкен өз тұтынушыларын арзан бағада ұсынған тауарларымен қуантуда.
Әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға негізделген бұл бастамаға ауыл тұрғындары дән риза. Өйткені, қол жетімді бағада ұсынылған тауарлар нарықтағы бағадан 20-30 пайызға төмен. ОҚО-да дәл осындай әлеуметтік 9 дүкен мен сауда қатарлары ашылды. Қазіргі таңда бағаның тұрақтылығын аймақ басшысы назарда ұстап отыр.
Аяжан Дәулетбай