Қазығұрт ауданындағы Ақбура әулие мазарына апарар асфальт жолдың ойдым-ойдымы шығып, киелі орынға зиярат етуші азаматтар үшін бірқатар қиындықтар туғызып келген болатын. Осыған орай, ағымдағы жылы мемлекет қазынасынан қаржы бөлініп, асфальт төселінді.
Алайда, киелі орынның аумағындағы аяқ жол мен қабырхана тозығы жетіп, 2011 жылдан бері еш жөндеу көрмеген. Келушілер үшін біршама қолайсыздық туғызған жайтке назар аударған ОҚО мәслихатының депутаты, «Сити Строй LTD – 7» ЖШС-ның бас директоры Әсет Қайыпбеков өз қаражаты есебінен аталған олқылықтардың бәрін жойып, сауап іс жасады. Киелі жерді жөндеу мен абаттандыру істері өз мерзімінде аяқталып, ел алғыс айтуда.
Мақсат Тоқсанбай