Шаһарымызға алғаш рет бір мезетте үш бірдей Олимпиада чемпионы келді. Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев ҚР Бокс федерациясының вице-президенті Юрий Цхаймен, бокстан Қазақстанның ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановпен, ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері әрі Олимпиада чемпиондары Серік Сәпиев, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусіновпен, бокстан әлем чемпиондары Біржан Жақыпов және Қайрат Ералиевтермен кездесті.
Кездесу барысында Жансейіт Қансейітұлы арнайы келген қонақтарға алғыс білдірді. Кездесуге келген ел мақтаныштары болашақта Оңтүстікке арнайы келіп, шеберлік сабақтарын өткізіп тұратындығын жеткізді.
Кездесуде облыс басшысы арнайы келген қонақтарға алғыс білдіріп, бір мезетте үш бірдей олимпиада чемпионының өңірге алғаш рет келіп жатқандығын атап өтті. Сонымен қатар, облыс әкімі өңірдің спорт саласы қарқынды дамып келе жатқандығын айтты.
Өз кезегінде сөз алған ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов облысымыздың спорты қарқынды, оның ішінде бокстың жоғары деңгейде екендігін атап өтті.
Кездесуге келген ел мақтаныштары болашақта оңтүстікке арнайы келіп, мастер класс өткізіп тұратындарын жеткізді. Шара соңында облыс басшысы қонақтарға табыс тілеп, естелік сыйлық жасады.
Жансая Елемесова