ҚР Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған топ ОҚО — на арнайы жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында делегация мүшелері «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты.
Қазіргі таңда нысанда құрғақ жүктерді сақтау қоймасын құрастыру, сыртқы коммуикация желісі тартылып, аумақты көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Мұнан соң, Асқар Мамин Ордабасы ауданының Бадам елдімекенінде орналасқан, индустриалдандыру картасына енген Агро-5 кірпіш зауытын аралап көрді.
Жобалық құны 527 млн. теңгені құрайтын зауыт жылына 25 млн. дана кірпіш өнімін шығарады.
Абай Омар