ОҚО кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Б.Құрмансейітов басқармасының 8 айда атқарған жұмыстары бойынша брифинг өткізді. Басқарманың атқарылған және атқаратын жұмыстары туралы ақпараты:
Кәсіпкерлік саласындағы кәсіп орындардың өнімдері
8 айда облыстағы кәсіпорындар 510 млрд теңгенің өнімін өндірді. Өткен жылмен салыстарғанда 100,2%-ды құрап отыр. Сонымен қатар, азық-түлік өндіру көлемі 108,4 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 152,2 пайызға және химиялық өнеркәсіп тауарларын шығару 117,3 пайызға өскендігі байқалады. Тиісті мерзімде шағын және орта бизнес өкілдері 158,3 млдр теңгенің өнімін шығарды (2016 ж – 154,8 млдр тң). Бүгінгі таңда, Оңтүстік Қазақстан облысында туризм саласының тұрақты дамуы байқалады. Туристерді орналастыру орындары 195-ке жетіп, 30,9%-ға өсті. Сол орындарда көрсетілген қызмет көлемі – 1,7 млрд теңге. Өсім – 508,6 млн теңге немесе 42,7%.
Кәсіпкерлік бойынша мемлекеттік бағдарламасы
«Қазақстан 2015-2019 жылдар аралығында индустриалды-инновациялық даму». Мемлекеттің осы бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құны 1,2 триллион теңгені құрайтын 135 жоба құру жоспарланып жатыр. Бүгінде соның 49 жобасы іске асып, 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтылған.
Сондай-ақ, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде 40 миллиард теңгенің 1322 жобасы мақұлданған.
Кәсіпкерлік бойынша жобалар
2017 жылы 37,0 млрд. теңгені құрайтын 17 жобаны іске қосу жоспарланған. Есепті кезеңде құны 2,3 млрд. теңгені құрайтын 5 жоба іске қосылған. «Айғақ» телеарнасының қалған 12 жобаны жылдың аяғына дейін іске қосуға мүмкіндік барма деген сұрағына Б.Құрмансейітов 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін қалған 12 жоба толық іске қосылады деп жауап берді.