Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1142 қаулысына сәйкес жергілікті полицияға төмендегі міндеттер: 1) құқық бұзушылықтар профилактикасы; 2) қоғамдық тәртіпті сақтау; 3) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету; 4) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу; 5) қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу; қылмыстық теріс қылықтар бойынша хаттамалық нысанда сотқа дейінгі тергеп-тексеру; 6) ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу және арнайы қабылдау орындарында адамдарды ұстау; 7) ЖПҚ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері алдында қоятын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында құқық тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де міндеттері жүктелген.
2017 жылдың 8 айда атқарған жұмыстары туралы ОҚО ІІД ЖПҚ-нің бастығы А. Сейдуалиевтің Облыстық қоғамдық кеңестің 2017 жылы 10 қазанда өткен отырысында есебі тыңдалды.
А. Сейдуалиев өзінің есебінде қоғамдық тәртіпті сақтауда ашық, әрі тиімді болуы, азаматтардың полиция қызметкерлеріне деген сенімінің артуы басты мақсат болып табылатындығын көрсетті.
Есептік мерзімде жүзеге асырылған шаралардың нәтижесінде облыс аумағында орын алған жалпы қылмыстар 15,3 пайызға (25597-ден 21691-ге) төмендеген.
Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстар 21,4 пайызға (7661-ден 6023-ке) және көшеде жасалған қылмыстар 29,6 пайызға (4931-ден 3469-ға) төмендеген.
Облыс аумағында орын алған жол көлік оқиғалары 10,2 пайызға (1427-ден 1282-ге), қаза болғандар саны 15,8 пайызға (1943-тен 1821-ге) кеміген.
Профилактикалық есепке алу бойынша 9105 (+6,1%, 2016ж.-8578) тұлғалар профилактикалық есепке алынды. Оның ішінде 4505 тұлғаға (2016ж.-3939) қорғау нұсқамасы, 262 тұлғаға (2016ж.-179) мінез құлқына ерекше талап белгіленді, 1002 (2016ж.-920) бұрын сотты болғандар, 849 (2016ж.-856) маскүнемдер, 222 (2016ж.-188) нашақорлар және 469 (2016ж..-437) қолайсыз отбасылар мен 857 (2016ж.-804) жасөспірімдер есепке алынды.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын-алу мақсатында түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрген 4908 (2016ж.-3937) жасөспірім, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болған 130 (2016ж.-101) жасөспірім, қоғамдық орындарда алкоголь ішімдігін ішкен 56 (2016ж.-42) жасөспірім анықтап, әкімшілік шара көрсетілді.
Учаскелік полиция инспекторының жеке іздеуімен ашылған қылмыстар 2553-тен 3179-ға немесе 24,5 пайызға жақсарса, анықталған құқықбұзушылықтар 4,4 пайызға немесе 38457-ден 40133-ке көбейген.
Жол-патрульдік полициясы саптық бөліністерінің жеке құрамымен 182797 (2016ж.-181679) және қоғамдық қауіпсіздік саласы бойынша жалпы 17827 (2016ж.-17384) құқықбұзушылықтар анықталған.
Анықталған 170 мың 371 әкімшілік құқықбұзушытарға барлығы 1 млрд. 182 млн. 804 мың теңге айыппұл салынып, аталған сомманың 604 млн 257 мың теңгесі өндірілді.
Жергілікті полицияның басшысының есебіне Облыстық қоғамдық кеңесінің төрағасы мен мүшелерінің тарапынан айтылған сын-ескертпелер, пікірлер және жұмысты жақсарту бойынша ұсыныстары туралы «Айғақ» телеарнасының 11-12 қазан күндері берілетін жаңалықтардан көре аласыздар.
«Айғақ»-ақпарат.