Алматы маңында құлаған ұшақтың ішінде болған дәрігерлер жүкті əйелге көмек көрсетуге шыққан. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
«Ауыр халдегі жүкті әйелге көмек көрсету үшін 3 қазан 18:39-да Алматыдан Шымкентке санитарлық авиация бригадасы шықты. Екі дәрігер: профессор, Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының акушер-гинеколог дәрігері Патсаев Талғат Анапиаұлы және профессор, Кардиология мен ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог-дәрігері Артықбаев Жәнібек Төкенұлы болды», — делінген хабарламада.
Ұшақта пациенттер болмаған.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін кешке əуеге көтерілген шағын авиация ұшағы 12 минуттан кейін радардан жоғалып кеткен. Кейіннен ұшаұ Алматы облысы аумағынан табылған. АН-28 апатынан қаза тапқандардың аты-жөні белгілі болды.
Дереккөз. 24.kz