Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді.
Оның айтуынша, кәсіпкерлік туралы заңға тиісті өзгерістер енгізілгенде бақылау жүргізетін мемлекеттік қызметкерлер саны да қысқарады. Сонымен қатар іскер азаматтарға қойылатын талаптардың тең жартысы өз күшін жоғалтады. Бизнесмендердің шығынын азайту үшін заңға барлығы 80 өзгеріс енгізу жоспарда бар.
Айта кетейік, бұл құжатты әзірлеуге Ұлттық кәсіпкерлер палатасы белсенді атсалысты.
Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:
— Оның бәрі жеңілдік жасау. Банкте шот ашу үшін «мөрін алып кел» деп сұрайды, енді олай жасалмайды. Энергетика саласында рұқсат алу қағаздарының уақыты қысқартылады. Әрине, кәсіпкерлер мұны қолдайды. Мұндай заң меніңше, 5-6 жылдың ішінде кәсіпкерлердің көңілінен шығады деп ойлаймын.
Дереккөз. 24.kz