c431d19e-82f4-47e4-9215-6af71d050a8a

«Astana Marathon-2017» жеңімпаздары анықталды

42,2 шақырым қашықтықты алғаш болып Кения спортшылары бағындырды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бірінші болып мәре сызығын кескен кениялық Саймон Кипругут Кируйға 850 мың теңге мен әлемнің кез келген нүктесіне баруға әуе билеті табысталды. Ол 42,2 шақырымды жүгіріп өтті. Екінші орын да Оңтүстік Африка мемлекетінің өкілі (200 мың теңге) Генри Кипсангуға бұйырды. Қазақстандық Алмат Имашев үшінші болып жетіп, (100 мың теңге) жүлдені қанағат тұтты. Әйелдер арасында бірінші орыннан Гүлжанат Жанатбек көрінді, екінші және үшінші орындар Ақмарал Мейірман мен Мария Кирееваның еншісінде.

Бүгін елордада Мәңгілік ел даңғылында ЭКСПО-2017-ге қарама-қарсы жерде Astana Marathon-2017 өтті. Жарысқа қатысуға 19 мемлекеттен 4,5 мың адам өтініш білдірген. Спортшылар 42,2 шақырым, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Сонымен қатар марафон аясында скандинавиялық жүруден сайыс өткізілді.

ҚазТАГ




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!