Өзбекстан Республикасына мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ташкент қаласында Ислам Кәрімовтің ескерткішіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Өзбекстанның тұңғыш президентіне арналған монумент Ташкентте «Ақсарай» резиденциясының алдына қойылып, 2017 жылғы 31 тамызда ашылды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.