03

15 қыркүйек — Асанбай Асқаровтың туған күні

Мемлекет және қоғам қайраткері Асанбай Асқаровтың дүниеге келгеніне — 95 жыл. Ғұмырында Қазақстандағы айтулы үш облыс — Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстанды басқарған Асанбай Асқарұлының есімі біздің өлке үшін айрықша. Себебі облыстың өркендеп-өсуіне үлкен үлес қосып, талай ғимаратты сақтап қалды. Тізе берсең толып жатқан еңбегі бар ірі тұлғаның 95 жылдығы қай деңгейде тойланды?

02Халық арасында «жақсының аты, ал шебердің заты қалады» деген сөз бар. Бұл Асанбай Асқарұлы секілді қайталанбас тұлғаларға арналғандай. Себебі Асқаров десе Оңтүстік жұрты әуелі дендросаябақ, зоосаябақ, тұлпар көлі сынды жерлердің көркейгенін айтып, еңбегін еске алады. 1922 жылдың 15-ші қыркүйегінде дүниеге келген Асанбай Асқарұлы егер тірі болғанда биыл 95-ті бағындырар еді-ау. Осыдан 16 жыл бұрын дүниеден озған тұғырлы тұлғаның мерейлі датасын Оңтүстік жұрты еске алып, атап өтті. Есімі беріліп, мүсіні қойылған көше бойына қызметтес болған әріптестері, көзін көрген қариялар және жас ұрпақ жиылды. Туған жердің туын биіктеткен тұлғаның облыстық комунистік партияны басқарған жылдардағы дөңгелеткен шаруасы айтылып, талайдың есіне естелік еске түсті.

Жамбыл облысы, Меркі ауданының тумасы бар қазаққа ортақ тірлік жасады. Әсіресе 1978-85 жылдары Оңтүстік халқы үшін тер төкті. Қонаевпен қызметтес болған Асқаровқа ұлттық рухты, намысты сақтап қалу жолында тапсырмалар беріліп, үлкен сенім артылған. Ғұмырының соңына дейін ел үшін аянбаған адал ісін бүгінгі ұрпағы айтып, шығармаға арқау етіп жүр.

Асанбай Асқаров туралы баяндама жасалып, естелік айтылған басқосу әр соққан жүрекке жігер сыйлап, жақсының аты мәңгілік екені қайта еске түсті. Ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Асқаровтың рухы бір асқақтады.

04

05

Асанбай Асқаровтың есімі тек көшеге емес, білім ұясына да берілген. 2003 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан №77 мектеп-лицей айтулы азаматтың атымен аталып жүр. Жас ұрпақтың қанатын қатайтып, ұядан ұшырып жатқан мекемеде 95 жылдық жалғасты. Яғни, оқушылардың концерттік бағдарламасы ұсынылып, патриоттық рух тақырыбында әңгіме өрбіді.

Бұл шара аясында өзекті өртеген мәселеде байқалды. Оңтүстік үшін шекесін қара терге малындырып жұмыс істеген Асқаровтың 95 — жылдығына күйкі тірліктен қолы тимей қатыспағандар қаншама? Тіпті биліктегі азаматтар ат салыссада жарар еді — ау. Міне, осындай сұрақ жиылғандардың көңілінде сайрап жатты. Дегенмен жас ұрпақ барын салып, Асанбай Асқарұлын әр қырынан насихаттап жатты. Мәселен білім ұясының ішінен ашылған мұражайдағы құнды дүниелер қоғам қайраткерінің ғұмырымен байланысты. Сәтті сурет, ерекше мақала жинастырылған мұражайды оқушылар таныстырып, Асқаровпен замандас болған қарттарды таңырқатты.

06

Сондай – ақ, осы күні Асанбай Асқаровпен байланысты спорттық жарыстар болып, ашық сабақтар өтті. Оқушылар мемлекет қайраткері туралы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ізденген еңбектерін қорғап, өзара бәсекелесті. Ел есінде обком басшысы ретінде ғана емес, соғысқа қатысқан майдангер ретінде де белгілі Асқаровтың әскери марапаты да аз емес. Ізгі тірліктерінің ізі сайрап жатқан қайраткердің жобалары ұрпағына қалдырған аманаты. Міне соның сезінген мектеп оқушыларына алғыс жарияланып, спортты ойындардан озып шыққандарға марапат табыс етілді.

07

Бұл шараның соңы дастархан басында жалғасты. Асқаровтың рухына арнап құран бағыштап, дұға жасалды. Асанбай Асқарұлының өзі дүниеден озғанмен, артында қалған рухани дүниесі тозбайды. Сондықтан болар данышпандар «жақсының аты, ғалымның хаты өлмейді» деп ой түйгені.

Бағлан Байкөбекқызы




Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: Content is protected !!