Қазақстандықтарға жалға беруге болатын жердің шектік көлемі заңда көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметінде өткен «ҚР Жер кодексіне енгізілетін өзгерістер туралы» баспасөз конференциясындай айтылды.
Заңға енгізілетін өзгерістер:
– Жерді жалға беру институтын одан әрі дамыту;
– Қазақстандықтарға жалға беруге болатын жердің шектік көлемін бекіту. Ол үлкен жер телімін бір адамның алып алуынан тыяды.
– Шекаралық аймақтардағы жерді жалға беру талаптарын күшейту. Аталған аймақтарда шетелдіктерге, азаматтығы жоқ жандарға, шетелдік заңды тұлғаларға немесе шетелік жұмысшылары бар заңды тұлғаларға жер беруге тыйым салынады.
– Ауыл-аймақтардағы халыққа қажетті жайылым көлемін анықтау.
Сонымен бірге, заңға жерді конкурстық негізде беру қарастырылып жатыр. Конкурс туралы ақпараттар БАҚ-тарда, әкімшілік пен ауыл шаруашылығы министрінің интернет сайттарында жарияланатын болады. Оған қатысу үшін жерді қандай мақсатта пайдаланатыны туралы бизнес-жоспар құрып, халықты жұмыспен қамту үшін жұмыс орындарын ашу, және өзге де талаптарды орындау керек.
Дереккөз: baribar.kz