Қазақстанда инфляция 2017 жылдың маусым айынан бері 3,7 процентті құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жылдық инфляция 7,5 процент деңгейінде сақталды және 2017 жылы 6-8 процент деңгейінде келе жатыр. Азық-түлік бағалары жылдық өлшеммен алғанда 9,7 процентке өсті. Өзге тауарлар 7,7 процентке, ақылы қызметтер 4,8 процентке артты»,-деп мәлімдеді Ұлттық банк өкілдері.
2017 жылдың маусымында тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі бойынша бір жылдан кейін болуы тиіс инфляция 6,4 процент болған.
Дереккөз: inform.kz