Қазақстанда 2018 жылы мемлекеттік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу жүйесі олардың жұмыстарының нәтижесіне байланысты пилоттық режимде енгізілетін болады, деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққақарсы іс-қимыл егенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова.
«Келесі жаңалық: мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақыны жұмысына байланысты төлеу. Жұмыс өтілі мен санатын ескеретін қазіргі жүйеден айырмашылығы бұл жүйе мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік орган жұмысының нәтижелілігіне қосқан үлесіне байланысты болмақ», — деді А. Шаимова бейсенбідегі баспасөз мәслихатында.
«Қазір біз тиісті әдістемені дайындадық, оны пилоттық түрде келесі жылы енгізу жоспарлануда», — деді ол.
Еске салсақ, «100 нақты қадам» ұлт жоспарының бірінші бағыты кәсіби мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды жүзеге асыру аясында бесінші қадм жұмысының нәтижесіне байланысты мемлекеттік қызметшінің жалақысын арттыру қарастырылған.
ҚазТАГ