Төлқұжат күші визалық мүмкіндіктердің кеңдігі бойынша анықталды. Аспан көк түсті құжат Қырғызстан мен Өзбекстанның өз аналогтарын басып озды.
Қазақстандық төлқұжат Passport Index порталы жасаған рейтинг қорытындылары бойынша Орталық Азияда ең «мықты» деп танылды.
Тізімдегі орындар азаматқа визасыз кіруге болатын елдер саны секілді көрсеткішпен іріктелді.
Қазақстан Қырғызстан (68-ші орын және емін еркін кіретін 58 ел), сондай-ақ Өзбекстан (72-ші орын 54 ел), Тәжікстан (71-ші орын, 54 ел) және Түркменстан (78-ші орын, 48 ел) сияқты елдерді басып озып, 56-шы орынға ие болды (71-ші орын, 54 ел).
Алайды посткеңестік елдер арасында ахуал өзгереді: қазақстандық төлқұжат 56-шы орынды Беларусьпен бөлісіп, мықты «орта» болады. Мәселен, Қазақстанның алдында Литва мен Латвия (10-ші орын – 149 ел), Эстония (11-ші орын, 148 ел), Украина (32-ші орын, 119 ел), Ресей (40-шы орын 108 ел), сондай-ақ Молдова мен Грузия (42-ші және 43 орындар, 105 және 104 ел) тұр.
Рейтинг көшбасшыларының үштігі – Германия (158 ел), Сингапур (158) және Швеция (157). Рейтингтің соңында Ирак (26 ел), Пәкістан (25 ел) және Ауғанстан (22 ел) тұр.
Дереккөз: sputniknews.kz