Қазақстан Ұлттық Банкі Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаны әзірледі, деп хабарлайды бас банк.
Ұлттық Банк әзірлеген ҚР банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру жөніндегі бағдарламаны іске қосу ағымдағы жылғы үшінші тоқсанға жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Алматы қ. БАҚ-қа арналған брифинг барысында ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.
Бағдарламада мынадай үш бағыт көзделген: 1) жүйе құраушы банкті қолдау, 2) ірі және әлеуметтік маңызды банктердің қаржылық орнықтылығын көтеру және 3) қалыпты қадағалаудан тәуекелге бағдарланған қадағалауға көше отырып банктік қызметті реттеу мен қадағалауды сапалы өзгерту.
Бағдарламада мынадай мақсаттар белгіленген – бұл акционерлермен бірлесіп ортақ түрде банктердің үстеме капиталдандыру және банк секторының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету; экономиканың нақты секторын кредиттеуді қалпына келтіру; экономика мен халыққа банк қызметтерін үздіксіз көрсетуді жүзеге асыру, сондай-ақ интеграциялық процестер (ДСҰ және БЭК) шеңберінде банк секторының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
«Бағдарламаны іске асыру жақын арадағы айларда басталады. Бағдарламаны іске асыру мерзімі – 15 жылға дейін, бұл мерзім ішінде банктер мемлекеттік қаражатты қайтаруға тиіс. Бұл ретте 2022 жылға дейін қатысушы банктер өз шығындарын өтеуге арналған капиталды толық көлемде қалыптастыруға тиіс», – деп хабарлады журналистерге Ұлттық Банк басшысының орынбасары.
Бұл Бағдарлама, оның айтуынша, мемлекеттік қаражаттың төлемділігі, мерзімділігі және қайтарымдылығы, банктердің ерікті қатысуы және банк акционерлерінің ортақ жауапкершілігі сияқты негізгі қағидаттарға негізделеді.
Ұлттық Банктің еншілес ұйымы бағдарламаның операторлары (бұдан әрі – Оператор) болып табылады, ол реттелген борыш талаптарымен ақша қаражатын ұсыну арқылы банктерді қаржылай қолдау тетігін іске асыратын болады.
«Акционерлердің және Оператордың ортақ қатысуы 2-ге 1 қағидаты бойынша іске асырылады, оған сәйкес Оператор банкті үстеме капиталдандыру мөлшерінен 66%, ал акционерлер үстеме капиталдандыру мөлшерінен кемінде 33% мөлшерде ақша қаражатын бір рет ұсынады, — деп жалғастырды О. Смоляков. – Біздің ірі және жұмыс істейтін банктерге қолдау көрсетіп отырғанымызды атап өткен жөн. Бағдарламаны іске асыру қорытындылары бойынша, біз банктердің капиталға қысым көрсететін және экономиканы кредиттеудің кеңеюін тоқтататын жұмыс істемейтін қарыздармен проблемаларын шешеді деп күтеміз.
Дереккөз: naryk.kz